Кітапханаға саяхат және "Тіл – тіршіліктің көзі" тақырыбындағы танымдық іс-шара
Өткізілген күні: 11 қыркүйек
Орны: №11 Сарысу колледжінің кітапханасы
№11 Сарысу колледжінің кітапханасында "Кітапханаға саяхат" және "Тіл – тіршіліктің көзі" атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қызметімен таныстыру және тілдің қоғамдағы орнын, маңызын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана қорымен, жаңа әдебиеттермен, электронды ресурстармен танысты. Сонымен қатар, тіл туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер оқылып, студенттер арасында тілге байланысты шағын пікірталас өтті. *Тіл – ұлттың жаны, рухани тірегі.* Сондықтан мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар студенттердің патриоттық сезімін оятып, ана тіліне деген құрметін арттыра түседі.



