Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
«№11 Сарысу колледжі» КМҚК

КГКП «Сарысуский колледж №11»
управления образования акимата Жамбылской области

МЕНЮ

Тілдер онкүндігінің жалғасы ретінде Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай – адамзаттың ақылманы» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.К. Баймурзаева ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру, қазақ әдебиетінің классигі ретінде Абай мұрасын құрметтеуге баулу. Шара барысында студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, ой-толғауларын білдірді. Абайдың қара сөздері мен әндерінен үзінділер орындалып, әсерлі кешке ұласты.

Кітапханаға саяхат және "Тіл – тіршіліктің көзі" тақырыбындағы танымдық іс-шара

Өткізілген күні: 11 қыркүйек

Орны: №11 Сарысу колледжінің кітапханасы

№11 Сарысу колледжінің кітапханасында "Кітапханаға саяхат" және "Тіл – тіршіліктің көзі" атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қызметімен таныстыру және тілдің қоғамдағы орнын, маңызын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана қорымен, жаңа әдебиеттермен, электронды ресурстармен танысты. Сонымен қатар, тіл туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер оқылып, студенттер арасында тілге байланысты шағын пікірталас өтті. *Тіл – ұлттың жаны, рухани тірегі.* Сондықтан мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар студенттердің патриоттық сезімін оятып, ана тіліне деген құрметін арттыра түседі.

10 қыркүйек күні колледжде 1 курс студенттері арасында «Fanny day» тақырыбында шет тілінен Замзеева А сабақтан тыс іс-шара өтті. Іс-шара барысында студенттер шет тілінің көркемдігі мен байлығын танып, өлеңдер оқыды.

Цель внеклассного мероприятия: Развивать интерес учащихся к русскому языку, расширять словарный запас, закреплять орфографические и лексические навыки через познавательную и увлекательную форму — интеллектуальную игру «Эрудит».

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
«№11 Сарысу колледжі» КМҚК КГКП «Сарысуский колледж №11»
управления образования акимата Жамбылской области