21.05.2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, №11 Сарысу колледжінде болашақ талапкерлерге арналған "Мамандық таңдау-маңызды қадам" тақырыбында Ашық есік күні өтті.
Мақсаты: болашақ талапкерлерді колледждің білім беру бағыттарымен таныстырылып, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов сөз сөйлеп, алдымен мектеп оқушыларына соңғы қоңырау кезінде құқықбұзушылыққа бармау қажеттігін ескертті. Сондай - ақ, кәсіптің білім алу бағдарының болашақ жастар үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ата - аналар комитетінің төрағасы Нұржан Есмаханов оқушыларға ауылда орналасқан колледжге оқуға түсуге шақырса, колледж директоры Қ.Даниярова колледждегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, жетістіктерді тілге тиек етті.
Іс-шара барысында колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға мамандықтар бойынша шеберлік сағаттарын көрсетті. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыратын экскурсия ұйымдастырылды. №11 Сарысу колледжі-болашаққа нақты қадам! Білікті маман-ел болашағы!