№11 Сарысу колледжінде "Болашақ тігіншінің қолтаңбасы" атты көрмесі өтті. Колледжіміздің тігінші мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Спанова М және оқытушы Сатиева Б және білім алушы жас шеберлер өз қолымен тіккен бұйымдарын ұсынды. Ұлттық нақыш пен заманауи стиль үйлескен әр туынды - бірегей авторлық жұмыс, жүрекпен тігілген еңбек.




