№11 Сарысу колледжінде ҚР Ғылым Академиясының Президенті, техника ғылымдарының докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған асқақ тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге кемеңгер тұлғаның өнегелі өмір жолы мен халық алдындағы ерен еңбегін дәріптеу арқылы отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру мақсатымен Дінмұхаммед Қонаев хақындағы әдебиеттер, мерзімді басылымдар қойылды.
Колледж студенттері көрмені қызықтап, шығармашылық ізденіспен ізгілік жолында біршама құнды ақпараттар ала білді.
