Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Сарысу ауданы, Саудакент ауылы №11 өрт сөндіру бекетнің бекетінің қызметкерлері, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «№11 Сарысу колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оқытушы құрамына «Өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан уланудың алдын алу», «Мұз үстіндегі қауіпсіздік» және «М.Ғабдуллин атындағы АҚ академиясына оқуға түсу» тақырыптарында кеңінен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы жаднамалар таратылды.









