2025 жылдың 30 қазан күні математика пәні оқытушысы Сагиндикова Шолпан Мырзатайқызы 11 Сарысу колледжінде педагогтерге арналған "Нәтижелі оқыту – білім берудің трансформациялануы" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – заманауи білім беру үдерісіндегі тиімді әдістерді талқылау, оқытудағы жаңа тәсілдер мен тәжірибелерді енгізу арқылы білім сапасын арттыру.
Семинар барысында ұстаздар оқыту мен тәрбиелеу ісінде жаңа әдістерді қолдану, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, білім берудің тұлғалық-бағдарлы бағытын күшейту жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, жаңартылған білім мазмұны мен құзыреттілікке негізделген оқытудың маңызы айтылып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа көзқарас қалыптастыруға жол ашты. Колледж әкімшілігі семинарға белсенді қатысқан


