Бүгін 11 Сарысу колледжінде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында жалпы халықтық диктант ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың қаржы туралы білімін арттырып, күнделікті өмірде ақшаны тиімді әрі дұрыс басқару дағдыларын дамыту.
Диктантқа колледж студенттері мен оқытушылар белсенді қатысты. Мұндай іс-шаралар оқушылардың қаржылық мәдениетін қалыптастырып, болашақта жеке қаржысын дұрыс басқаруға септігін тигізеді


