2025 жылдың 16 қыркүйек күні колледжімізде "Колледж білім алушылары арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес мәселелері" тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ақпараттық дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға құқықтық тәрбие беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Құқық қорғау органдарының мамандары жастарға заң талаптары, құқық бұзушылықтың салдары, және қылмыстық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жастарды жауапкершілікке, заңға бағынуға


